Чемпиондар лигасы 1/2 финалында ойнайтын жұп командалар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалда "Реал" мен "Манчестер Сити" кездеседі. Бірінші матч Мадридте, ал қарымта Манчестерде өтеді. Өзге жұпта "Милан" мен "Интер" арасында италиялық дерби болады.
Бұл ойындар 10 және 11 мамырға жоспарланған, ал қарымта кездесулер 17 және 18 мамырда.
Жарыс финалы 10 маусым Ыстамбұлда (Түркия) өтеді.