Футбол
Бүгін 10:17

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің барлық қатысушысы іріктелді

©UEFA.com

2026/27 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысатын барлық команда анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің негізгі кезеңінде барлығы 36 команда бақ сынайды.

Олардың ішінен 29 клуб турнирдің жалпы кезеңіне тікелей жолдама алса, қалған жеті команда іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Соңғы төрт жолдаманы түркиялық "Фенербахче", гркиялық АЕК, норвегиялық "Викинг" және словакиялық "Слован" иеленді.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан командалар:

"Арсенал", "Астон Вилла", "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед" (барлығы — Англия), "Атлетико", "Барселона", "Бетис", "Реал", "Вильярреал" (барлығы — Испания), "Интер", "Комо", "Наполи", "Рома" (барлығы — Италия), "Бавария", Дортмундтың "Боруссиясы", "Лейпциг", "Штутгарт" (барлығы — Германия), "Ланс", "Лилль", "Пари Сен-Жермен" (барлығы — Франция), ПСВ, "Фейеноорд" (екеуі де — Нидерланд), "Порту", "Спортинг" (екеуі де — Португалия), "Брюгге" (Бельгия), "Галатасарай", "Фенербахче" (екеуі де — Түркия), "Шахтер" (Украина), "Славия" (Чехия), "Сабах" (Әзербайжан), ЛАСК (Аустрия), "Будё-Глимт", "Викинг" (екеуі де — Норвегия), АЕК (Грекия) және "Слован" (Словакия).

Чемпиондар лигасының жеребесі қашан және қайда өтеді?

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жеребесі 27 тамыз, бейсенбі күні Монакода өтеді.

Жалпы кезеңде әр команда сегіз матч өткізеді: төртеуін өз алаңында, төртеуін сырт алаңда ойнайды. Әр клуб әр себеттен екі қарсыласпен кездеседі. Сонымен қатар жалпы кезеңде бір елдің клубтары өзара ойнай алмайды.

Командалар былай шоғырландырылды

Бірінші шоғыр: "ПСЖ", "Бавария", Мадридтің "Реалы", "Ливерпуль", "Интер", "Манчестер Сити", "Арсенал", "Барселона", Мадридтің "Атлетикосы".

Екінші шоғыр: Дортмундтың "Боруссиясы", "Рома", Лиссабонның "Спортингі", "Астон Вилла", "Порту", "Манчестер Юнайтед", "Брюгге", "Бетис", ПСВ.

Үшінші шоғыр: "Фейеноорд", "Лилль", "Будё-Глимт", "Наполи", "РБ Лейпциг", "Вильярреал", "Шахтер", "Галатасарай", "Фенербахче".

Төртінші шоғыр: "Штутгарт", "Комо", "Ланс", "Славия", ЛАСК, "Сабах", АЕК, "Слован", "Викинг".

Чемпиондар лигасының негізгі күндері

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчтар 2026 жылғы 8 қыркүйек пен 2027 жылғы 27 қаңтар аралығында өтеді.

Үздік сегіз команда тікелей 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9-орыннан 26-орынға дейінгі клубтар плей-оффтың қосымша кезеңінде ойнайды. Плей-оффтың алғашқы матчтары 16 және 17 ақпанда өтеді.

Чемпиондар лигасының финалы 2027 жылғы 5 маусымда Мадридтегі "Метрополитано" стадионында жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport