Чемпиондар Лигасы финалының билет бағасы белгілі болды

©AP

2021/22 футбол маусымындағы Чемпиондар Лигасы финалының билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

УЕФА ресми сайтындағы билеттер 70 еуродан басталады. Төртінші категория – €70. Үшінші категория – €180. Екінші категория – €490. Бірінші категория – €690.  Сатылым 28 сәуір күні елорда уақытымен 19:00 тоқтайды.

Еске салайық, биылғы маусымның соңғы кездесуі Париждің 75 мың жанкүйер сиятын "Стад-де Франс" стадионында өтеді. Алғашында финалдық ойын Санкт-Петербургтің "Газпром Аренасында" өтуі тиіс еді. Алайда Шығыс Еуропадағы саяси жағдайға байланысты УЕФА финалдық кездесуді Францияға ауыстырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport