Чемпиондар лигасы. "Челси" бапкері "Сан Сиродағы" матч жайлы ойын айтты

©chelseablues.ru

"Челси" бас бапкері Грэм Поттер Чемпиондар лигасының 4-турында "Миланмен" өтетін матч алдында ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Біздің басты мақсатымыз - "Сан Сиро" стадионында жеңіске жету. Мұндай ғажап стадионда мүлдем басқа ойын болады. "Милан" өз жанкүйерлерінің алдында жеңіске жетуге күш салады. Өткен аптада біз де өз аренамызда солай жасағанбыз. Шамамен деңгейі жағынан екі бірдей команданың қатысуымен өтетін ғаламат матч болмақ", - дейді Поттер УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Е тобында "Зальцбург" (5 ұпай), "Челси" (4 ұпай), "Милан" (4 ұпай) және "Динамо Загреб" (3 ұпай) плей-оффқа берілетін екі жолдаманы сарапқа салуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport