Чемпиондар лигасы бірінші жартылай финалдағы "Реал" - "Челси" матчіне тікелей трансляция

УЕФА коллажы

Бүгін, сәуірдің 27-нен 28-не қараған түні мадридтік "Реал" мен лондондық "Челси" арасында Чемпиондар лигасындағы бірінші жартылай финалдық матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу мадридтегі "Альфредо ди Стефано" стадионында өтеді, басталуы Қазақстан уақытымен 00:50. Qazsport арнасы ойынды тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Кеше "Реал" Чемпиондар лигасы жартылай финалында "Челсимен" ойнайтын құрамын жария етті. Тізімдегі 22 футболшы қатарына жарақатынан сауыққан Эден Азар да қосылды. Франциялық ойыншы бұрын лондондықтар сапында өнер көрсеткен. 

"Реала" сапы:

қақпашылар: Куртуа, Лунин, Альтубе;

қорғаушылар: Карвахаль, Милитао, Варан, Начо, Марсело, Одриосола, Гутьеррес;

жартылай қорғаушылар: Кроос, Модрич, Каземиро, Иско, Аррибас, Бланко;

шабуылда: Азар, Бензема, Асенсио, Винисиус, Мариано Диас, Родриго.