Чемпиондар Лигасы. "Бавария" Левандовски ойнайтын "Барселонаны" ұтты

14 қыркүйек 2022 04:36
©Чемпионат

Чемпиондар лигасының 2-турында "Бавария" өз алаңында "Барселонаны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

С тобының орталық матчінде немістер 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда есеп ашылмаса, үзілістен кейін Нагельсман командасының сапында Лукас Эрнандес (50-минут) пен Лерой Сане (54-минут) ерекшеленді.

90 минуттың қорытындысы бойынша мюнхендіктер 13 соққы жасаса, қонақтар Мануэль Нойер қақпасына 14 рет соққы жасады. Ал "Баварияның" экс-шабуылшысы Роберт Левандовскиде гол салатын бірнеше мүмкіндік болды. Алайда бұл күні Польша құрамасының капитаны көзге түспеді.

Осы жеңісінен кейін неміс командасы С тобында 6 ұпаймен жеке-дара көш бастады. "Барселона" 3 ұпаймен 2-орынға жайғасты. Сырт алаңда Пльзеннің "Викториясын" 0:2 есебімен ұтқан "Интер" болса, 3 ұпаймен 3-орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар