auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Чемпиондар лигасы: "Барса" Мессисіз "интерді" ұтты, ал "Боруссия" мен "Ливерпуль" төрт голдан салды

Чемпиондар лигасы: "Барса" Мессисіз "интерді" ұтты, ал "Боруссия" мен "Ливерпуль" төрт голдан салды
Reuters©
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші турдың шешуші ойныдары өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

А тобында "Боруссия" өз алаңында испаниялық "Атлетиконы" 4:0 есебімен ұтты. 38-ші минутта Аксель Витцель, 73-ші және 89-ші минутта Рафаэл Геррейру дубль жасады, ал 83-ші минутта Джейден Санчо гол салды. Ашраф Хакими үш нәтижелі пасымен ерекшеленді.



Бұл топтың өзге матчінде "Монако" белгиялық "Брюггемен" тең түсті - 1:1. Францияның вице-чемпионы сапындағы Мусса Силла 31-ші минутта есеп ашты, алайда, алаң иелері 39-ші минутта есепті теңестірді (Уэсли Мораес). 



В тобында испаниялық "Барселона" италиялық "Интерді" 2.0 есебімен ұтты. 32 және 83-ші минутта Рафинья мен Жорди Альба гол салды. Алаң иелері сапында Лионель Месси болмиағанын айта кетейік - аргентиналық қолын сындырып алған. 



Осы топта голландиялық ПСВ англиялық "Тоттенхэм" ұпайларын алып қойды - 2:2. 29-шы минутта алаң иелері Ирвинг Лосаноның қызықты голымен алға шықты, алайда, 39-шы минутта Лукас Моураның және 54-ші минутта Харри Кейннің голын өткізіп алды. ПСВ қарсыластарының қақпашысы Уго Льорис алаңнан қуылған соң жеңілістен аман қалды. Ал қақпашының орнын алмастырған Мишель Ворм 87-ші минутта Люк де Йонгтың добын тоқтата алмады. 



С тобында англиялық "Ливерпуль" сербиялық "Црвена Звезданы" ойсырата ұтты - 4:0. Гол салғандар: 20-шы минутта Роберто Фирмино, 45 және 51-ші минутта Мохамед Салах дубль жасады, ал 80-ші минутта Садио Мане. Сонымен қатар, Мане 76-шы минутта пенальтиді пайдаға асыра алмады.



Бұл ойынмен қатар өткен матчте франциялық ПСЖ италиялық "Наполимен" тең түсті - 2:2. 

29-шы минутта қонақтар есеп ашты (Лоренцо Инсинье), ал 61-ші минутта Мариу Руя автогол арқылы алаң иелерінің есебін теңестірді. 77-ші минутта Дрис Мартенс "Наполиді" қайтадан алға шығарды, алайда, 93-ші минутта Анхель Ди Мария ПСЖ-ны жеңілістен сақтап қалды.

https://streamable.com/1kd9e

Мәскеудегі матч қызықты өтті, онда жергілікті "Локомотив" D тобы ойындары аясында "Портудан" ұтылды - 1:3.

29-шы минутта Мусса Марега пенальтиті сәтті орындады. ал 35-ші минутта Эктор Эррера "Портудың" басымдылығын арттырды. 38-ші минутта Антон Миранчук гол салды, алайда, қонақтар 47-ші минутта есеп басымдылығын арттырды (Хесус Корон). Онымен қоса, екінші таймда Эдер салған "Локо" голы есептелмеді. Ал 77-ші минутта "теміржолшылар" қақпашысы Саломон Квирквелия алаңнан қуылды. 



Бұл топтағы паралель ойында түркиялық "Галатасарай" германиялық "Шалькемен" тең түсті - 0:0.



ЧЛ топтық кезеңіндегі төртінші тур ойындары 6 және 7 қарашада өтеді. Бұл кездесулерде алаң иелері болған командалар қонақта ойнайды. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама