Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының өз алаңында өткізетін екі кездесуіне қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Meta-ratings.kz ақпаратына сәйкес, 29 қазанда "Қайрат" клубының өкілдері елордаға келіп, Астанадағы спорттық-мәдени нысандарды басқаратын компаниямен келіссөздер жүргізген.
Кездесудің негізгі тақырыбы — "Астана Арена" стадионын жалға алу туралы келісім жасау болды. Бұл келісім аясында "Қайрат" екі кездесуін осы стадионда өткізуді жоспарлап отыр:
9 желтоқсан 2025 жыл — "Қайрат" – "Олимпиакос" (Грекия)
20 қаңтар 2026 жыл — "Қайрат" – "Брюгге" (Бельгия)
Дереккөздің хабарлауынша, тараптар өзара келісімге келген.
Бұған дейін алматылықтар турнирдің алғашқы екі кездесуін Алматыдағы "Орталық" стадионда өткізген болатын:
"Реалға" қарсы матч (0:5)
"Пафоспен" кездесу (0:0).
Үш турдан кейін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "Қайрат" 1 ұпаймен 34-орында келеді.
"Қайраттың" алдағы ойындар кестесі
6 қараша: "Интер" – "Қайрат" (01:00)
26 қараша: "Копенгаген" – "Қайрат" (22:45)
9 желтоқсан: "Қайрат" – "Олимпиакос" (20:30)
20 қаңтар: "Қайрат" – "Брюгге" (20:30)
29 қаңтар: "Арсенал" – "Қайрат" (01:00)
Жарнама