УЕФА Чемпиондар лигасы турнирінің 1/8 финалына өткен барлық қатысушылар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Соңғы жолдамалар шешуші матчтарда сарапқа салынды. Нәтижесінде келесі кезеңге "Ньюкасл Юнайтед" (Англия), "Атлетико" Мадрид (Испания), "Будё-Глимт" (Норвегия), "Байер 04" (Германия), "Пари Сен-Жермен" (Франция), "Галатасарай" (Түркия), "Реал" Мадрид (Испания) және "Аталанта" (Италия) өтті.
Бұған дейін тікелей 16 үздік клуб қатарына "Барселона" (Испания), "Челси" (Англия), "Ливерпуль" (Англия), "Тоттенхэм" (Англия), "Спортинг" (Португалия), "Манчестер Сити" (Англия), "Арсенал" (Англия) және "Бавария" (Германия) шыққан еді. Бұл клубтар жеребе кезінде "еленгендер" (сеяные) мәртебесіне ие болады.
1/8 финалдың жеребесі 27 ақпанда өтеді.
Ал турнир финалы 2026 жылдың 30 мамырында Будапешт қаласындағы "Пушкаш Арена" стадионында өтеді деп жоспарланған.