Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шыққан барлық команда белгілі

©uefa.com)

Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шыққан барлық команда белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кейінгі екі жолдаманы "Реал" мен "Наполи" жеңіп алды, олар екі матч қорытындысы бойынша "Ливерпуль" (5:2, 1:0) мен "Айнтрахт" (2:0, 3:0) клубтарын жарыстан шығарып тастады. 

Мұның алдында ширек финалға "Челси", "Бенфика", "Милан", "Бавария", "Манчестер Сити" және "Интер" шыққан болатын.

Чемпиондар лигасы 1/4 финалының жеребесі ертең, 17 наруызда тартылады. Басталуы Астана уақытымен 17:00.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport