Чемпиондар кубогін алты рет ұтқан аңыз футболшы көз жұмды

©"Реал" Мадрид

Аты аңызға айналған футболшы және мадридтік "Реал" президенті Франсиско Хенто 88 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды "Чемпионат".

Хенто - Еуропалық чемпиондар кубогін алты рет ұтып алған тарихтағы жалғыз футболшы.

Еске салайық, Хенто мадридтік клуб сапында 1953 пен 1971 жылдар аралығы ойнады. 18 маусымда ол 6 еуротрофей, Испания чемпионы титулын 12 рет, екі рет ел кубогін, бір құрлық аралық кубокті жеңіп алған және өзге турнирлерде ұтқан. 

Жалпы жиыны 23 трофей "Реал" үшін рекорд. Мадридтіктер сапында Хенто 600 матчке қатысып, 182 гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport