Чемпион болған "Қайрат" команда капитанын ауыстырды

Сурет: ҚКФЛ

Алматылық "Қайрат" қорғаушысы Сергей Кейлер 18-ші турдағы "Қайсарға" қарсы ойында (2:2) алаңға алғаш рет команда капитаны ретінде шықты, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Кейлер алматылық клуб сапында 2013  жылдан бері ойнап келеді және осы уақытқа дейін 35 матч өткізген екен (екі гол).

Биылғы чемпионатта "Қайрат" алаңға капитан ретінде үш ойыншыны шығарған:

1. Ғафуржан Сүйімбаев - 15 матч;

2. Раде Дугалич - 2;

3. Сергей Кейлер - 1.

Жаңалықтар