Футбол
Бүгін 11:52

Чемпион болады! ӘЧ-2026-ның абсолют фавориті анықталды

©Shutterstock

Opta суперкомпьютері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңі басталғаннан кейін турнирге қатысушылардың чемпиондыққа жету мүмкіндігін қайта есептеп, басты фаворитті атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Франция – турнирдің басты фавориті

Әлем чемпионатының 25 мың симуляциясының қорытындысы бойынша ең жоғары мүмкіндік Франция құрамасына берілді.

Болжамға сәйкес, франциялықтардың финалға шығу ықтималдығы – 45,71 пайыз, ал әлем чемпионы атану мүмкіндігі 30,09 пайыз деп бағаланған. Бұл – турнирдегі барлық құрамалар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Трофейге тағы кімдер үміткер?

Суперкомпьютердің бағалауынша, екінші басты фаворит – қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы.

Аргентиналықтардың финалға шығу ықтималдығы 28,97 пайыз, ал чемпиондық атақты қорғау мүмкіндігі 15,11 пайызды құрайды.

Үшінші орынға Испания жайғасқан. Opta испаниялықтардың финалға шығу мүмкіндігін 20,02 пайыз, ал чемпион атану ықтималдығын 11,87 пайыз деп бағалады.

Чемпиондыққа басты үміткерлердің алғашқы бестігіне сондай-ақ мына құрамалар енді:

Франция — финалға шығу мүмкіндігі 45,71%, чемпион болу мүмкіндігі 30,09%;
Аргентина — 28,97% және 15,11%;
Испания — 20,02% және 11,87%;
Бразилия — 20,60% және 9,41%;
Англия — 15,00% және 7,54%.

Турнир плей-офф кезеңіне өтті

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Топтық кезең аяқталғаннан кейін командалар плей-оффта өзара мықтыны анықтауға кірісті.

Әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде өтеді. Сол күні жаңа әлем чемпионы анықталады. Қазіргі чемпион – Аргентина құрамасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport