Футбол
17 наурыз 2022 16:13

"Чемпион атанса таң қалмаңыз". Футбол маманы АПЛ жеңімпазын атады

©Getty Images

"Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы қорғаушысы Гарри Невилл Англия біріншілігінде чемпиондыққа таласып жатқан командалар жайлы ойын айтты, деп жазады "Чемпионат" басылымы. 

Соңғы турда "Ливерпуль" қонақта "Арсеналды" ұтса, "Манчестер Сити" лондондық "Кристал Пэласпен" тең түсті.

"Арсеналмен" өткен ойын таза - классика! Маусым қорытындысы бойынша, "Ливерпуль" чемпион болмаса да чемпиондыққа лайық команда екенін көрсетіп жатыр. Турнир кестесінде көш бастап тұрған "Манчестер Сити" де мықтылардың мықтысы болып тұр. Бірақ Юрген Клопп футболшылары ішкі біріншілікте қалған соңғы тоғыз ойынды сенімді түрде өткізе алатынына көз жеткізуге болады. "Ливерпуль" аралық турнирге қатысып жатыр. Лига Кубогін ұтты. Алдыңғы шептегі бес ойыншысы кез-келген команданың қорғанысын бұзып жара алады. Қорғаушылары мен қақпашысы, жартылай қорғанысы да өте мықты. Әрине, Пеп Гвардиола - талантты бапкер. Алайда "Ливерпуль" Англия чемпионы атанып жатса таң қалмаңыздар, - дейді Невилл.

Еске салайық, АПЛ турнир кетесінде 29 матч өткізген "Манчестер Сити" 70 ұпаймен көш бастап тұрса, 29 ойыннан соң "Ливерпуль" 69 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport