1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
22 қаңтар 13:55
 

"Челсимен" АПЛ чемпионы атанған футболшы қазақстандық клубқа қосылды

  Пікірлер

blog.share

"Челсимен" АПЛ чемпионы атанған футболшы қазақстандық клубқа қосылды ©X/@ChelseaFC

Лондонның «Челси» клубының бұрынғы ойыншысы Виктор Мозес карьерасын Қазақстан чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Лондонның «Челси» клубының бұрынғы ойыншысы Виктор Мозес карьерасын Қазақстан чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, 35 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Қызылорданың «Қайсар» клубының ойыншысы атанады. Тараптар бір жылдық келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

Футболшының ресми таныстырылымы 24 қаңтар күні Қызылордада өтеді деп күтілуде.

Виктор Мозес карьерасын «Кристал Пэлас» клубында бастап, кейін «Уиган Атлетикке» ауысты. Дәл осы кезеңде ол «Челсидің» назарына ілігіп, Лондон клубына шақырту алды. Оның ең табысты маусымы 2016/17 жылдарға тұспа-тұс келді. Антонио Конте жетекшілік еткен сол маусымда Мозес «Челсимен» бірге Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. «Челси» сапында ол сондай-ақ Еуропа лигасын және Англия кубогын жеңіп алды.

Әр жылдары нигериялық футболшы «Ливерпуль», «Сток Сити», «Вест Хэм», «Фенербахче», «Интер», Мәскеудің «Спартагы» және «Лутон Таун» клубтарында да өнер көрсетті.


Айта кетейік, өткен маусымда «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасында 22 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!