"Челсиге" қырсыққан әлем чемпионы матчке шықпай қоймақ

Сурет: Sport.ua
Лондондық "Челси" шабуылшысы Педро Родригес алаңға шығудан бас тартып отыр, - деп хабарлайды The Athletic.

Мәлімет бойынша, келісімшарты ай соңында аяқталатын 32 жастағы футболшы "Ромамен" келісімге келген екен. Екі жылдық жаңа келісім бойынша Педро аптасына 62 мың еуро алатын болады. 

Өз тарапынан "Челси" де форвардпен келісімшартты ұзартысы келеді, алайда, испаниялық футболшы бұған көнбей отыр және Англия чемпионатының матчтерінде ойнаудан бас тартыпты. 

Педро "Челси" сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, оған дейін "Барселонада" ойнаған. АПЛ-дегі биылғы маусымда ол тоғыз матчте ойнап, бір гол салды және бір нәтижелі пас берді. Осы командамен ол Англия чемпионаты мен Кубогын, сондай-ақ, Еуропа лигасын ұтқан.

Испания құрамасымен Педро әлем (2010) және Еуропа чемпионатын ұтқан (2012).
Жаңалықтар