Лондондық "Челси" командасының шабуылшысы Ромелу Лукаку "Интер" сапына қайта ауысады. Бұл туралы журналист Бен Якобс твиттер парақшасында хабарлады.
Дереккөздің ақпараты бойынша, 29 жастағы шабуылшы миландық команда сапына 10 миллион еуроға жалға ауысады.
Негізі "Челси" командасы "Интермен" футболшы ауыстырғысы келген болатын. Лондондық команда шабуылшыға қорғаушы Шкриньяр, Бастони және Дюфмристің біреуін сұраған. Бірақ италиялық команда келіспеді.
Айта кетейік, Лукаку "Челси" сапына өткен жылы "Интерден" ауысып келді. Оның лондондық клубпен 2025/26 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарты бар. Ал Transfermarkt порталы шабуылшыны 113 миллион еуроға бағалап отыр.
Ол өткен маусымда "Челси" сапында барлық турнирлерде 42 кездесу өткізіп, 13 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.