"Челсидің" жаңа бас бапкерінің айлығы қанша екені айтылды

©instagram.com/chelseafc/

Ағылшындық бапкер Грэм Поттер "Челси" сапындағы бес жылда 60 миллион фунттай айлық алады, деп жазады telegraph.co.uk порталы. 

Еске салайық, кеше лондондық командаға Поттердің бас бапкер болып тағайындалған болатын. 

"Грэм Поттер "Челси" командасымен бес жылдық келісімшарт жасасады. Бұл уақытта ішінде ол 60 миллион фунт стерлинг алады. Сонымен қатар, ол жаңа спорт директорын іздеуге да атсалысады. Ағылшындық маман сәрсенбі күні Лондонда "Челси" басшыларымен кездесіп, бейсенбі келісімшарт жасады", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, Грэм Поттер бұл қызметте Томас Тухельдің орнына келді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport