"Челсидің" экс-шабуылшысы "Романы" КЛ финалына шығарды

©Reuters

"Рома" футбол клубы Конференция Лигасының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Матчтағы жалғыз голды шабуылшы Тэмми Абрахам (11-минут) соқты. Ағылшын ойыншысы өткен жылдың тамызында "Челсиден" 40 миллион еуроға ауысқан болатын.

Жозе Моуриньо баптайтын римдіктер жартылай финалда "Лестерді" қапы қалдырды. Қос команда арасындағы бірінші кездесу 1:1 есебімен аяқталса, "түлкілер" бұл жолы 10 соққы жасағанымен Руй Патрисиу қақпасының саңылауын таба алмады.

Осылайша, "Рома" кәрі құрлықта деңгейі жағынан үшінші санаттағы турнир саналатын Конференция Лигасының финалында ойнайтын болды. Енді италиялықтар 25 мамыр күні Албания астанасы Тиранада Нидерландының "Фейеноордымен" кездеседі.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар