Лондондық "Челси" клубы "Ливерпуль" мен Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирцті сатып алуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді.
Бұған дейін "Челсидің" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо неміс футболшысының трансферіне қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді. Испаниялық маман Леверкузеннің "Байерінде" бірге жұмыс істеген кезеңнен бері Вирцтің ойынына жоғары баға береді.
Алайда "көктердің" басшылығы Вирцті сатып алу нұсқасын қарастырмай отыр және дмұндай позициядағы ойыншыны іздеп жатқан жоқ.
"Хаби Алонсо мен Флориан Вирц арасындағы қарым-қатынас өте жақсы екені сөзсіз. Олар бірге жеңістерге жетті және "Байерде" тамаша кезеңді бірге өткізді. Бірақ мосымен болды", – деді Романо.
Өз кезегінде "Ливерпуль" де өз футболшысын сатуға ниетті емес.
Вирц өткен жазда "Ливерпуль" сапына ауысып, клуб тарихындағы ең қымбат трансфер авторына айналған болатын. Неміс жартылай қорғаушысының трансфері "қызылдарға" 125 миллион еуроға түсті.
Дегенмен оның Англиядағы алғашқы маусымы біркелкі өткен жоқ. Вирц барлық турнирде 49 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының қазіргі нарықтық құны 110 миллион еуроны құрайды.