Англиялық "Челси" футбол клубына жақын арада бас бапкер болып келетін маманның есемі айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, қазір Лондонда жүрген британиялық маман Лиам Росеньор осы аптада "Челсидің" жаңа бас бапкері атануы мүмкін. Бұл франциялық "Страсбур" клубы Росеньордың орнын басатын жаттықтырушыны тапқан бойда жүзеге асады. Процесс жылдам өтеді деп күтілуде, себебі "Челси" жаңа кезеңге толық дайын.
? Liam Rosenior, in London to become new Chelsea head coach this week as soon as RC Strasbourg find replacement.
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) January 4, 2026
Process expected to be fast with Chelsea ready for their new era. ??
?➕ https://t.co/b6r50nWfJn pic.twitter.com/vzbGtkM1Xy
Бұған дейін лондондық клубтың бас бапкері қызметінен италиялық Энцо Мареска кеткен болатын. Ал Росеньор "Страсбурды" басқарғанға дейін ағылшынның "Халл Сити" клубында бас бапкер болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев карьерасын лондондық "Челсиде" жалғастырады. 2025 жылдың ақпанында "Қайрат" жас шабуылшыны ағылшын клубына сатқанын ресми түрде хабарлаған. Сәтбаев жаңа командасына кәмелеттік жасқа толғаннан кейін - 2026 жылдың тамызында қосыла алады.
Жарнама