Англияның "Челси" клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчта Францияның "Пари Сен-Жермен" командасынан ірі есеппен ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лондонда өткен кездесу 3:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Голдарды Хвича Кварацхелия (6-минут), Бредли Барколя (14-минут) және Сенни Маюлу (62-минут) соқты.
Алғашқы ойында париждік клуб өз алаңында 5:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Қос матчтың қорытындысы бойынша ПСЖ 8:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, "Пари Сен-Жермен" - турнирдің қазіргі чемпионы.