"Челси" клубын Ник Кэнди, Джонатан Голдштейн, Тодд Боули және Хансйорг Висс деген белгілі кәсіпкерлер сатып алуы мүмкін, деп жазады "Р-Српорт".
Лондонда жылжымайтын мүлік саласында қызмет ететін Кэнди бала күнінен Челсидің жанкүйері болып шықты. Осыған дейін Боули мен Висстер клубты жеке-дара сатып алу туралы ұсыныс жасаған.
Сонымен қатар, әлемдегі ең табысты клубты "Чикаго Кабс" бейсбол командасын 2009 жылдан бері басқарып келе жатқан Риккетс отбасы да сатып алуға ниет танытқан. Белгілі болғандай, аталмыш отбасы осы аптаның жұмасында "ақсүйектердің" басшысына өз ұсыныстарын айтады.
Еске салайық, Англия Премьер-Лигасы (АПЛ) ресейлік бизнесмен Роман Абрамовичті "Челсиді" басқару құқығынан айырған еді. Абрамович Лондонның командасын тізгіндегелі 2003 жылдан бері Чемпиондар Лигасы және Еуропа Лигасының екі дүркін жеңімпазы атанды. Премьер-лиганың кубогін бес мәрте иеленді. Англия кубогін бес рет және Англия суперкубогінің екі дүркін жеңімпазы атанды.
Еске салайық, Роман Абрамович 2003 жылы "Челсиді" 140 миллион фунт стерлингке сатып алып, қазіргі уақытта 4 миллиард фунт стерлингке бағалап отыр.