"Челси" клубы бас бапкер қызметіне Диего Симеонені шақыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазіргі таңда аргентиналық маман "Атлетико Мадрид" клубын жаттықтырады және ол Лиам Росеньордың орнына негізгі үміткер ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды Vesti.kz.
The Sun басылымы ақпараты бойынша, лондондық клуб басшылығы бас жаттықтырушыны ауыстыру жайын ойлана бастаған. "Челси" Премьер-лига аясында қатарынан төрт матчта жеңіліп, бірде-бір гол соға алмады. Дереккөз мәліметінше, клуб басшылығы Росеньорға ресми түрде қолдау білдіргенімен, оның болашағына қатысты күмән күшейіп келеді. Бұл, әсіресе, команданың УЕФА Чемпиондар лигасы келесі маусымына жолдама алмау қаупімен байланысты.
Диего Симеоне 2011 жылдан бері "Атлетико Мадридті" жаттықтырып келеді және жазда командасын ауыстыруы мүмкін. Лондондық клубтың тізімінде басқа да тәжірибелі бапкерлер бар, алайда қазіргі таңда басымдық аргентиналық маманға беріліп отыр.
Айта кетейік, Лиам Росеньор "Челсидің" бас бапкері қызметіне 2026 жылғы 6 қаңтарда тағайындалған болатын.
Жарнама