"Челси" стадионда ауызашар берді

©Chelseafc.com

"Челси" футбол клубы өткен түнде "Стэмфорд Бридж" стадионында ауызашар беріпті. Мұндай оқиға Англия премьер-лигасы стадионында алғаш рет болып тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ауызашар Ramadan Tent Project жобасымен біріге жасалыпты.  

Британ империясы орденінің төрағасы, "Челси" қорының басшысы лорд Даниэль Финкельштейн іс-шара туралы пікір білдірді: "Біз қоғамның түрлі табынан құралған үлкен қоғамдастықпыз, сондықтан әрбір жанкүйердің қуанышын сыйлаймыз және құрметтейміз. Бұл ерекше оқиға - премьер лига клубтары арасында ашық ифтарды бірінші жасадық және осыны мақтан тұтатамыз". 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport