"Челси" өз алаңында Франция чемпионын ұтты

©chelseafc

Чемпиондар Лигасында 1/8 финалының алғашқы ойынын өткізген "Челси" жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Стэмфорд Бридждегі" матчта Томас Тухель шәкірттері Францияның "Лилль" командасынан басым түсті. Қорытынды есеп 2:0. "Челси" сапында Кай Хаверц (8-минут) және Кристиан Пулишич (63) көзге көрінді.

Қарымта кездесу 17 наурызда өтеді. Еске салайық, "Челси" былтырғы маусымның қорытындысы бойынша Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport