Футбол
Бүгін 13:53
 

"Челси" мен "Ман Сити" 140 миллионға трансферлік келісім жасады

  Пікірлер

blog.share

"Челси" мен "Ман Сити" 140 миллионға трансферлік келісім жасады © odds.ru

Лондондық "Челсидің" жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес карьерасын "Манчестер Ситиде" жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Лондондық "Челсидің" жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес карьерасын "Манчестер Ситиде" жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Трансфердің мән-жайы

TyC Sports мәліметінше, екі клуб футболшының ауысуына қатысты келісімге келген. Трансфер құны 140 миллион еуроны құрайды.

25 жастағы аргентиналық "Манчестер Ситимен" 2032 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ келісімшартты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.


Статистикасы мен жетістіктері

Энцо Фернандес 2023 жылы "Бенфикадан" "Челсиге" ауысқан. Трансфер құны 121 миллион еуро болған. Содан бері жартылай қорғаушы барлық турнирде 170 матч өткізіп, 31 гол соқты және 30 нәтижелі пас берді.

"Челси" сапында аргентиналық Конференция лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Ал Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатында топ жарды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!