Футбол
11 ақпан 2021 13:30
 

"Челси" мен "Ливерпульдің" бұрынғы ойыншысы қазақстандық командаға келуі ықтимал

  Пікірлер

blog.share

"Челси" мен "Ливерпульдің" бұрынғы ойыншысы қазақстандық командаға келуі ықтимал Сурет: blitz.bg

Гвинея-Бисау құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Силва "Тобыл" сапына қосылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне мәлімет көзі хабарлады. 

blog.share

Гвинея-Бисау құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Силва "Тобыл" сапына қосылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне мәлімет көзі хабарлады. 

Ақпарат бойынша, футболшы команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барған. 

Жартылай қорғаушы 2020 жылдың басында "Тараз" командасы үшін португалиялық ойыншы ретінде өнер көрсеткен. "Ливерпульдің" экс футболшысында осы елдің азаматтығы бар. Силва бала кезінен Португалияда өскен. Бозбала шағында "Бенфика" намысын қорғаған. 2009 жылы Англияға барып, "Челси" мен "Ливерпульдің" жастар командасында ойнады. 2010/11 және 2011/12 маусымда АПЛ-де болғанымен, негізгі команда үшін сол күйі шыға алмады.  

Ол ҚПЛ-де 17 матче төрт гол салған - бұл "Тараз" ойынышлары арасында ең жақсы көрсеткіш. 

Transfermarkt мәліметінше, футболшының қазіргі таңдағы құны 350 мың еуро. 

Еске салайық, "Тараз" маусым қорытындысы бойынша сегізінші болды. Ал "Тобыл" Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері және еурокубоктарда өнер көрсетеді.

Жарнама

Живи спортом!