"Челси" командасы "Реалға" Германия құрамасының шабуылшысын ұсынды

©Reuters

26 жастағы Германия құрамасының шабуылшысы Тимо Вернер "Челси" командасынан "Реалға" ауысуы мүмкін, деп жазады El Larguero порталы. 

Бірақ бұл трансфер тек шабуылшының мақұлдауымен ғана болады. Өйткені Вернер негізгі құрамға емес, Карим Бенземаның орнын басатын футболшы деп қарастырылуда. 

Шабуылшыны ағылшындық команда 35 миллион еуроға бағалап отыр. 

Жуыр арада екі команданың өкілдері кездесіп, трансфер туралы сөйлеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар