"Челси" қожайыны Абрамович Португалия азаматтығын алды

19 желтоқсан 2021 18:15
©Eurosport

"Челси" клубының қожайыны, ресейлік миллиардер Роман Абрамович Португалия азаматтығын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Publico мәліметінше, Абрамович Португалия азаматтығын сефард еврейлердің ұрпағы ретінде иеленген. Сефардылар - еврейлердің субэтникалық тобы, олар бастапқыда Рим ипериясынан, кейін Халифаттан  көшіп, Пиреней түбегінде қалыптасқан.

Абрамович 2018 жылы Израиль азаматтығын да алған.

Абрамович "Челси" клубына 2003 жылдан бері иелік етеді. 2020/21 маусымында лондондық клуб Чемпиондар лигасын ұтқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport