"Челси" клубының қожайыны, ресейлік миллиардер Роман Абрамович Португалия азаматтығын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Publico мәліметінше, Абрамович Португалия азаматтығын сефард еврейлердің ұрпағы ретінде иеленген. Сефардылар - еврейлердің субэтникалық тобы, олар бастапқыда Рим ипериясынан, кейін Халифаттан көшіп, Пиреней түбегінде қалыптасқан.
Абрамович 2018 жылы Израиль азаматтығын да алған.
Абрамович "Челси" клубына 2003 жылдан бері иелік етеді. 2020/21 маусымында лондондық клуб Чемпиондар лигасын ұтқан.