"Челси" клубы "Барселона" мен "Ювентус" ойыншыларын қатарға қосты

©Reuters

"Барселона" шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг пен "Ювентус" жартылай қорғаушысы Денис Закария "Челсиге" ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz лондондық клубтың ресми сайтына сілтей отырып.

"Мен өте бақыттымын. Осы команданың бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын және "Челсиде" ойнауды асыға күтемін. Менің Премьер-лигада аяқталмаған ісім бар, сондықтан мұнда оралу мен үшін өте қызықты болды", - деді Обамеянг.

Футболшы үшін лондондық клуб 14 миллион еуро төледі. 33 жастағы шабуылшы "Челсимен" екі жылдық келісімшартқа отырды. Обамеянг жаңа командасында 9-нөмірмен өнер көрсетпек. Ал Денис Закария лондондық клуб сапында 2022/23 жылғы маусымның соңына дейін жалдау шарты бойынша ойнайды, содан кейін клуб ойыншыны 30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігін пайдалана алады.

Денис – Швейцария құрамасының футболшысы. Ол "Ювентусқа" 2022 жылдың қаңтарында Мёнхенгладбахтың "Боруссиясынан" ауысты. Содан бері туриндік клуб үшін 15 матч өткізіп, бір гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport