"Челси" клубтар арасындағы әлем чемпионы атанды

©FIFA

Кеше, 12 ақпанда Абу-Дабидегі (БАӘ) "Мохаммед Бин Зайед" стадионында "Челси" пен "Палмейрас" арасында клубтық әлем чемпионатының финалдық кездесуі өтті. Матч 2:1 есебімен англиялық клубтың пайдасына аяқталды.

Есеп екінші таймның басында ашылды. 55-минутта "Челсидің" шабуылшысы Ромелу Лукаку баспен гол соқты. Тоғыз минуттан кейін "Палмейрастың" жартылай қорғаушысы Рафаэль Вейга пенальтиді сәтті орындап, кездесудегі есепті теңестірді.

Командалар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Ал 117-минутта лондондық клубтың жартылай қорғаушысы Кай Хаверц 11 метрлік айып добын голға айналдырды.

Осылайша, "Челси" өз тарихында алғаш рет клубтар арасындағы әлем чемпионы атанды.

Еске салайық, "Челси" өткен маусымда УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын. Ал "Пальмейрас" екінші жыл қатарынан Либертадорес кубогінде топ жарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport