"Челси" капитаны "Барселонаға" ауысатын болды

©Reuters

"Челсидің" қорғаушысы Сезар Аспиликуэта жазда командасын ауыстырады, деп хабарлайды AS басылымы.

Дереккөздің айтуынша, испаниялық футболшы маусым соңында еркін агент ретінде "Барселонаға" ауысады. Бұған лондондық клуб басшысының ауысуы себеп болды. Сезар каталондық клубта Дани Алвес немесе Серджиньо Десттің орнын басады, олардың бірі жазғы трансферлік терезеде испаниялық клубтан кетуі мүмкін.

32 жастағы Аспиликуэта "Челси" клубында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда ол ағылшын премьер-лигасының 18 матчына қатысып, екі нәтижелі пас берді.

"Барселона" "Челсидің" даниялық қорғаушысы Андреас Кристенсенмен де жақын арада келісімшартқа отырады. Одан бөлек, испаниялық қорғаушы Маркос Алонсоға да қызығушылық танытуда. Лондондық клубтың тағы бір қорғаушысы Антонио Рюдигер мансабын "Реал Мадридте" жалғастырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: