"Челси" қақпашысын басқа клубқа жіберіп айлығын төлеуге дайын

©Reuters

"Челси" футбол клубы қақпашы Кепа Аррисабалаганы "Наполи" сапына жіберудің жолдарын қарастыруда, деп жазады Sky Sports Italia.

Лондондықтар 27 жастағы голкиперге қазіргі айлағының төрттен үш бөлігін өз қалтасынан төлеп тұруға дайын. Ағылшын командасының италиялық ұжыммен келіссөз барысында қақпашы жақсы ойнаған жағдайда қосымша табысқа кенелгісі келетінін жеткізген.

Өткен маусымда Аррисабалага "Челси" сапында барлық турнирді қоса алғанда алаңға 15 рет шығып, 10 гол өткізді. Испаниялықтың "ақсүйектермен" келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жасасқан.

Еске салайық, "Челсидің" негізгі қақпашысы Сенегал құрамасының бірінші нөмірі Эдуар Менди.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар