Даниялық қақпашы Филипп Йоргенсен Конференция лигасында "Челси" командасына "Астананы" ұтуға көмектесті. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол Алматыдағы матч туралы ойын айтты.
Лондондық клуб бұл кездесуде "Астананы" 3:1 есебімен ұтты."Ұзақ жол жүріп келгенімізді есепке алсақ, біз өте жақсы ойнадық. Бұл матчте біздің академияның бірнеше ойыншысы алғаш рет алаңға шықты және тамаша өнер көрсетті. Жеңісімізге қуаныштымын.
Суық болды ма дейсіз бе? Иә, өте суық, бірақ, бізге ғана емес, бәріне суық болды. Алаң? Мен оны ең жақсы деп айтпас едім, алайда, мынадай ауа-райы үшін алаң айтарлықтай жақсы, бәрі дұрыс, біз ұттық, ең бастысы сол", - дейді Йоргенсен.