"Челси" жылдың соңғы матчында ұпай жоғалтты

30 желтоқсан 2021 06:46
©Getty Images

Лондонның "Челсиі" Англия чемпионатының 20-турында өз алаңында "Брайтонды" қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Стэмфорд Бридж" стадионындағы матч 1:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 28-минутында бұрыштамадан ұшқан допқа бірінші жеткен Ромелу Лукаку есеп ашса, екінші таймда қонақтар таразы басын теңестіре алды. 91-минутта тыңнан қосылған Дэнни Уэлбек қақпашы Эдуар Мендидің саңылауын тапты. Жалпы алғанда Грэм Поттер командасы Челси қақпасына 18 соққы жасады.

Осылайша, жылдың соңғы ойынын өктізген Томас Тухель баптайтын "Челси" соңғы минуттарда жеңісті қолдан жіберіп алды. 42 ұпай еншілеген "аристократтар" екінші орынға тұрақтаса, "Манчестер Сити" 50 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: