auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Челси" және "ПСЖ" Чемпиондар лигасы жартылай финалында. "Бавария" жарыстан шығып қалды

"Челси" және "ПСЖ" Чемпиондар лигасы жартылай финалында. "Бавария" жарыстан шығып қалды
Сурет: sport-express

Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчында "Пари Сен-Жермен" "Баварияға" есе жіберді, ал "Челси" "Портудан" жеңілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Франциялық "ПСЖ" екі матч нәтижесі бойынша мюнхендік "Бавариядан" басым түсіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Парижде өткен қарымта матч қонақтар пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. "Бавария" сапында 40-минутта Эрик Максим Шупо-Мотинг көзге түсті.

Мюнхенде өткен алғашқы матчта париждік клуб 3:2 есебімен жеңген. Осылайша, франциялық команда жартылай финалға сырт алаңда соққан голдарының арқасында шықты. 

Осылайша, былтырғы маусымда Чемпиондар лигасында топ жарған "Бавария" биыл титулын қорғай алмады. 2019/20 жылғы маусымдағы турнирдің финалында мюнхендіктер дәл осы "Пари Сен-Жерменді" 1:0 есебімен жеңген еді.  

Жартылай финалда "ПСЖ" "Манчестер Сити" (Англия) - "Боруссия" (Дортмунд, Германия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Лондондық "Челси" ширек финалдың қарымта матчында "Портуға" есе жіберді, бірақ екі ойын қорытындысы бойынша жартылай финалға шықты.

Англия мен Португалияда карантин күшейтілгендіктен, ширек финалдың екі ойыны да испаниялық Севильядағы "Рамон Санчес-Писхуан" стадионында өтті. Қарымта матчта 1:0 есебімен "Порту" жеңді - 94-минутта Мехди Тареми гол соқты. Бұл ойында алаң иелері ретінде ағылшындар саналды.

Командалар арасындағы бірінші матчта "Челси" 2:0 есебімен жеңген болатын.

Жартылай финалда Томас Тухель командасы мадридтік "Реал" мен англиялық "Ливерпуль" матчының жеңімпазымен кездеседі.

Чемпиондар лигасының жартылай финалы 27/28 сәуір мен 4/5 мамырға жоспарланған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама