"Челси" жаңа бас бапкерін тағайындады

©instagram.com/chelseafc/

"Брайтонның" бас бапкері Грэм Поттер лондондық "Челсиді" жаттықтыруға ауызша келісім берді, деп хабарлайды 90 min. Дереккөздің ақпаратына сенсек, тараптар серіктестіктің барлық детальдары туралы сөйлскен. 

47 жастағы жаттықтырушы "Челсидің" бұрынғы бас бапкері Томас Тухель қызметінен кеткеннен кейін келіссөздер жүргізуді бастаған. 

"Поттер жаңапкершілік алу туралы ауызша келісіп, клуб мүшелерімен қолы алысты, қазір құжаттар дайындалуда. "Челси" келіссөздің бейсенбі күні толық аятақалғанын қалайды. Поттер осы демалыста болатын "Фулхэмге" қарсы ойынның жауапкершілігін мойнына алады , - дейді басылым.

Лондондық клубты жаттықтыруға нағыз үміткерлердің бірі Маурисио Почеттино болған еді. Франциялық "Пари Сен-Жерменнен" кеткелі ол ресми жұмыссыз статусында. Тухельге келсек, "Челси" чемпиондар Лигасындағы сенсациялық жеңілісінен кейін маманнан бас тартты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: