Футбол
Бүгін 10:55

"Челси" Хаби Алонсоны орнынан босатуға қатысты шешім қабылдады

©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Лондондық "Челси" клубының басшылығы жанкүйерлердің сынынан кейін бас бапкер Хаби Алонсоның болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алонсоға мүмкіндік беріледі

Daily Mail мәліметінше, клуб басшылығы асығыс шешім қабылдауға ниетті емес және испаниялық маманға жағдайды түзету үшін уақыт беруге дайын.

Алонсо жетекшілік ететін команда Ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) соңғы төрт турында үш рет жеңіліске ұшырады. Лондондықтар "Сандерлендтен" (0:1), "Тоттенхэмнен" (0:2) және "Лидстен" (1:4) жеңілді. Ал осы аралықтағы жалғыз жеңісі "Манчестер Юнайтедті" 2:0 есебімен ұтуы болды.

"Челсидің" АПЛ-дегі нәтижелері

Алонсо "Челсидің" бас бапкері ретіндегі алғашқы маусымын өткізіп жатыр. Бұған дейін ол мадридтік "Реалды" жаттықтырған. Ал одан ертерек леверкузендік "Байерде" табысты жұмыс істеп, командамен бірге Германия чемпионы атанды.

Қазір "Челси" АПЛ турнирлік кестесінде 16 ұпаймен сегізінші орында тұр. Келесі турда лондондықтар "Ноттингем Форестпен" кездеседі. Матч 28 қарашаға қараған түні өтеді.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport