Футбол
30 қыркүйек 2022 16:36

"Челси" Бундеслиганың үздік футболшысын қатарына қоспақшы

©"Лейпциг" ФК

Лондондық "Челси" командасы германиялық "Лейпцигтің" шабуылшысы Кристофер Нукукудың трансферімен жұмыс істеуде, деп жазады инсайдер Никола Скира Twitter парақшасында. 

"Челси" басшыларымен 24 жастағы Франция құрамасының футболшысымен жеке келісімге келіп қойған. 

Шабуылшы тіпті "Челси" командасы үшін тамыз айында Франкфурт қаласында медициналық тесттің жартысынан өткен. 

Еске салайық, маусым айында Нкуку "Лейпцигпен" 2026 жылға дейін келісімшартын ұзартқан болатын. Онда футболшының трансфері 60 миллион болады деп көрсетілген. Лондондықтар оны осы соммаға сатып алмақшы. 

Айта кетейік, Kicker басылымы өткен маусымның қорытындысы бойынша Нкукуды Бундеслиганың үздік ойыншысы деп таңдаған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport