"Челси" "Барселонаның" алдын орап өтпек

©"Севилья" ФК

Лондондық "Челси" испаниялық "Севилья" қорғаушысы Жюль Кундені сапына қосып алмақ. Англиялық клуб футболшы үшін 55 миллион еуро ұсынып отыр, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" сайты Sport.es басылмына сілтеме жасап.

23 жастағы франциялыққа "Барселона" да көз тігіп отыр, алайда, каталондық клуб азырақ сомма ұсынған.

Өткен маусымда Кунде "Севилья үшін 44 матче 3 гол салып, 1 нәтижелі пас берген. Ал оның қазіргі келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport