Футбол
26 маусым 13:51
 

"Челси" "Барселона" қақпашысын алғысы келеді

  Пікірлер

blog.share

"Челси" "Барселона" қақпашысын алғысы келеді ©"Барселона" ФК

Лондонның "Челси" клубы қақпашы іздеп жатыр. Олар "Барселона" голкипері Марк Андре Тер Штеген бойынша ақпарат сұратқан, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

blog.share

Лондонның "Челси" клубы қақпашы іздеп жатыр. Олар "Барселона" голкипері Марк Андре Тер Штеген бойынша ақпарат сұратқан, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Лондондық клуб "Миланмен" Майк Меньянның трансфері бойынша келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін, назарын "Барселонаның" қақпашысы Марк-Андре тер Штегенге аударған.

Неміс қақпашысына "Манчестер Юнайтед" те қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін 33 жастағы Тер Штеген мен "Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик арасында келіспеушілік туындағаны туралы ақпарат тараған болатын. Сонымен қатар, тәжірибелі голкипер клубтың "Эспаньолдан" жас қақпашы Жоан Гарсияны сатып алуына да наразы болған еді.

Айта кетейік, өткен маусымда Тер Штеген жарақатына байланысты көп ойын өткізе алмады. Ол бар болғаны 9 матчқа қатысып, 11 гол жіберіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!