"Челси" бапкері Премьер-Лигадағы бәсекелестік жайлы

©championat

"Челси" клубының бас бапкері Томас Тухель Англия Премьер-Лигасындағы бәсекелестік жайлы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" соңғы жылдары тұрақтылықтың символына айналды. Бұл командалар өзгелерге чемпион болу үшін не істеу керектігін көрсетті. Өз кезегінде біз де сол ұжымдармен қатарласып, қорғаныс пен шабуылымызды әрдайым жақсартып отыруымыз керек. Ағылшын біріншілігінде бәсекелестік жоғары. Сол бәсекелестікке төтеп беруіміз керек", - дейді неміс маманы.

Еске салайық, әзірге 8 турдың қорытындысы бойынша "Челси" 19 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Үздік үштікте "Ливерпуль" (18) мен "Манчестер Сити" (17) бар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: