"Челси" АПЛ-де көш бастады. Алайда "Ливерпульмен" жағдай қызықты

20 қыркүйек 2021 10:09
©СЭ

"Челси" Англия чемпионатының бесінші турында "Тоттенхэмді" ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Лондондық дерби "Тоттенхэм" алаңында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. "Челси" сапынан гол салғандар Тиагу Силва (49-я минут), Н'Голо Канте (57) және Антонио Рюдигер (90+2).

Осылайша, "Челси" 13 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. "Ливерпуль" мен "Манчестер Юнайтед" клубтарында да осынша баллдан. "Тоттенхэм" тоғыз ұпаймен жетінші.

Бір қызығы "Челси" мен "Ливерпуль" барлық көрсеткіш жағынан тең түсіп отыр.

2021/22 маусымындағы "Челси" көрсеткіші:
3:0
2:0
1:1 ("Ливерпульмен" сырт алаңда)
3:0
3:0

2021/22 маусымындағы "Ливерпуль" көрсеткіші
3:0
2:0
1:1 ("Челсимен" өз алаңында)
3:0
3:0

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар