"Челси" Англия чемпионатының бесінші турында "Тоттенхэмді" ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лондондық дерби "Тоттенхэм" алаңында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. "Челси" сапынан гол салғандар Тиагу Силва (49-я минут), Н'Голо Канте (57) және Антонио Рюдигер (90+2).
Осылайша, "Челси" 13 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. "Ливерпуль" мен "Манчестер Юнайтед" клубтарында да осынша баллдан. "Тоттенхэм" тоғыз ұпаймен жетінші.
Бір қызығы "Челси" мен "Ливерпуль" барлық көрсеткіш жағынан тең түсіп отыр.
2021/22 маусымындағы "Челси" көрсеткіші:
3:0
2:0
1:1 ("Ливерпульмен" сырт алаңда)
3:0
3:0
2021/22 маусымындағы "Ливерпуль" көрсеткіші
3:0
2:0
1:1 ("Челсимен" өз алаңында)
3:0
3:0