"Челси" Англия чемпионатында рекорд орнатты

©dzen.ru

Англия чемпионатының 24-турында "Кристал Пэласты" 3:1 есебімен ұтқан "Челси" АПЛ-де өзіндік бір рекорд орнатты. 

Алдымен алаң қожайындарынан 30-минутта Джефферсон Лерма есеп ашты. Алайда 47-минутта Коннор Галлахер есепті теңестірді, ал 90+1-минутта дубль жасады. Осыдан кейін 90+4-минутта Энцо Фернандес есепке нүкте қойды. 

Осылайша, "Челси" оңтүстік Лондон клубын қатарынан 13-рет ұтып отыр. Бұл клуб тарихындағы бір командаға қарсы ең ұзақ жеңіс сериясы екен.

Турнир кестесінде "Кристал Пэлас" 24 ұпаймен 15-орында, "Челси" 34 ұпаймен 10-шы келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport