"Челси" Англия чемпионатында рекорд орнатты
!["Челси" Англия чемпионатында рекорд орнатты](/userdata_kaz/news/2024/news_27979/crop_amp/photo_29976.jpg)
Англия чемпионатының 24-турында "Кристал Пэласты" 3:1 есебімен ұтқан "Челси" АПЛ-де өзіндік бір рекорд орнатты.
blog.share
Англия чемпионатының 24-турында "Кристал Пэласты" 3:1 есебімен ұтқан "Челси" АПЛ-де өзіндік бір рекорд орнатты.
Алдымен алаң қожайындарынан 30-минутта Джефферсон Лерма есеп ашты. Алайда 47-минутта Коннор Галлахер есепті теңестірді, ал 90+1-минутта дубль жасады. Осыдан кейін 90+4-минутта Энцо Фернандес есепке нүкте қойды.
Осылайша, "Челси" оңтүстік Лондон клубын қатарынан 13-рет ұтып отыр. Бұл клуб тарихындағы бір командаға қарсы ең ұзақ жеңіс сериясы екен.
Турнир кестесінде "Кристал Пэлас" 24 ұпаймен 15-орында, "Челси" 34 ұпаймен 10-шы келеді.
Жарнама