Мадридтік "Реал" екі матч қорытындысы бойынша лондондық "Челсиді" ұтып, Чемпиондар лигасы жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.
15-минутта Мэйсон Маунт "Челсиді" есепте алға шығарды. Екінші тайм басында Антонио Рудигер есепті арттырды.
Ал 75-минутта 3:0 болды. "Челси" сапынан бұл голды Тимо Вернер салды. Алайда бес минуттан кейін "Реал" сапында Родриго бір гол соқты.
Бірінші ойында 3:1 есебімен "Реал" ұтқан еді. Осылайша, жеңімпазды анықтау үшін қосымша уақыт берілді.
Овертаймның 96-минутында Карим Бензема шешуші голды салды, да "Реалға" жеңіс әкелді (екі ойын бойынша есеп 5:4).