Кеше, 12 қаңтарда "Челси" сырт алаңда "Фулхэмунен" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алаң қожайындарынан 25-минутта Виллиан есеп ашты. 47-минутта Калиду Кулибали есепті теңестіре алды, алайда Карлос Винисиус есеп нүктесін қойды. Осылайша, матч 2:1 есебімен аяқталды.
"Челси" 58-минутта Жоау Феликс алаңнан қуылғаннан кейін азшылықта қалғанын айта кетейік.
"Челси" 2006 жылдан бері "Фулхэмнен" алғаш рет ұтылып отыр. Кейінгі 17 жылда командалар 21 матчте (20 ойын АПЛ-де және бір рет Лига кубогінде) қарсы келіп, "көк түстілер" 13 рет ұтып, қалған сегіз кездесу тең аяқталған еді.
Қоса кетейік, "Челси" барлық турнирдегі кейінгі сегіз матчің алтауында ұтылды. 1993 жылдан бергі сегіз матчтік кезеңдерді алсақ, бұл команданың ең көп есе жібергені екен.